Спорт • 24 Қыркүйек, 2021

«Барыс» жаңа бапкермен келісімшарт жасасты

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Барыс» хоккей клубы Иван Скобревпен еңбек келісімінің жасалғаны туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Барыс» жаңа бапкермен келісімшарт жасасты

Клубтың баспасөз қызметі мәлім еткендей, екі жақты келісім 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін бір маусымға есептелген.

«Ол дене шынықтыру даярлығы бойынша жаттықтырушы қызметін атқарады», делінген хабарламада.

Иван Скобрев Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, конькимен жүгіру спорты бойынша Әлем және Еуропа чемпионы. Соңғы төрт маусымда маман Мәскеудің «Динамо» жаттықтырушылар штабында жұмыс істеген.

Скобрев өзінің Instagram-дағы парақшасында жақсы жаңалықпен бөлісті.

«Жаңа ел, жаңа қала, бәріне таныс команда және сүйікті ойын!!!», деп жазды спортшы.