Елорда • 24 Қыркүйек, 2021

Елордада салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 қыркүйек күні сағат 19:35-те Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар қызметінің өрт сөндіру бөліміне Кенесары көшесі, 3а үйінің түтіндеп жатқаны жөнінде хабарлама түскен, деп жазады Egemen.kz.

Елордада салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді

Өрт сөндірушілер хабарланған жерге жеті минуттан соң жеткен. Жаңадан салынған тұрғын үй кешенінің аумағында шатыр материалы мен жиналған қоқыс өртеніп жатқаны анықталды. Өрт аумағы - 50 шаршы метр.

«Өрт сөндірушілер өртті сағат 19:49-да оқшаулап, 19:57-де толық сөндірді», деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.