05 Ақпан, 2014

Барымызды бағалай білуіміз керек

240 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Елбасының биылғы Жолдау­ын­дағы басым бағыттардың бірі шағын және орта бизнесті дамыту болғаны анық. Мемлекет басшысы Жолдауда шағын және орта биз­нес көлемін 2050 жылға қарай елі­міздің ішкі жалпы өнімінің 50 пайызын қамтамасыз ететін дең­гейге жеткізу қажет екендігін атап өтті. Бәрімізге белгілі, қаржы поли­циясы органдары ең алдымен мемлекеттің экономикалық қауіп­сіздігін, кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, экономикалық қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алу, жолын кесу болып табылады. Президент Н.Назарбаев биыл­ғы Жолдауында «Аса маңыз­ды міндет – сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы жаңа стратегияны қалып­тастыру және іске асыруды жалғастыру» деп, осы сала жұмы­сының жауапкершілігін арттыруды тағы бір атап өтті. Облысымыздың шағын және орта бизнесті дамытудағы табыс­тары жылдан-жылға артып келе жатыр. Биылғы жылы облыс нарығында белсенді жұмыс істейтін шағын бизнес субъектілерінің саны 125,8 мың бірлікті, (112,5 пайыз өсім) құрады. Ал олардың өндірген өнімі 534,1 млрд. теңгені құрап, жұмыспен қамтылғандар саны 279,6 мың адамға (9 пайызға өсіп) жетіп отыр. Демек Елбасы тапсырмасын орындауда біздің мүмкіндіктеріміз мол, ендігі жерде осы мүмкіндіктерді іске асыру міндеті тұр. Бүгінгі басты міндеттердің бірі – кәсіпкерліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазір бизнестің жұмысына қаржы полициясының жөн-жосықсыз араласуы тоқтатылған. Әйтсе де, біз қызметімізді өз шеңберімізде ғана шектеп қойған жоқпыз. Басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істеп, ең бастысы халықтың көмегіне сүйенудеміз. Оңтүстік Қазақстан жері ежелден Мәңгілік Ел идеясынан туындап отырған ұлттық бірлікті санада сақтаған, татулықтың ордасы болған өңір. Қазақ халқының бір­лігінің символы болған Ор­да­басы да біздің өңірде. Күллі түркінің рухани ұстазы Қожа Ах­мет Ясауидің біздің өңірде мәң­гілік байыз табуы, Түркістан шаһары бауырлас халықтардың да киелі мекені саналатындығы да біз үшін мақтаныш. Бұл Пре­зи­дент ұсынған «Мәңгілік Ел» идея­сымен толық үндесетін жайт. Сон­дық­тан біз барымызды баға­лап, отандастарымыздың береке-бір­лігінің темірқазығы болатын идея­ны одан әрмен дамытуға міндет­тіміз. Серікбай ҚҰСАЙЫНОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясы департаменті басшысының бірінші орынбасары. Оңтүстік Қазақстан облысы.
Соңғы жаңалықтар