Спорт • 26 Қыркүйек, 2021

Азия чемпионаты: Гандболдан Қазақстан құрамасы «қола» медаль жеңді

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иорданияда гандболдан әйелдер арасындағы 18-ші Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азия чемпионаты: Гандболдан Қазақстан құрамасы «қола» медаль жеңді

Қазақстан өкілдері алты ойыннан кейін үшінші орынды иеленді.

Айта кетсек, қазақстандық қыздар «А» кіші тобынан екінші орыннан шығып, жартылай финалда жапондарға есе жіберді.

Ал үшінші орын үшін өткен матчта Қазақстанның гандболшылары Иран құрамасынан 38:33 есебімен басым түсті.