ANTIKOR • 28 Қыркүйек, 2021

Ірі көлемде пара алған шенеунік сотталды

596 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алды деп айыпталып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады Egemen.kz.

Ірі көлемде пара алған шенеунік сотталды

2020 жылдың қазан айынан 2021 жылдың сәуіріне дейін аудан әкімінің орынбасары болып қызмет еткен айыпталушыға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 366-бабы 2-бөлігіне сәйкес (ірі көлемде пара алу) іс қаралды.

«К. есімді азамат ЖШС-лардың бірінен жолдарды тазалау және күтіп ұстау жұмыстарына, сондай-ақ ауылдағы төтенше жағдайды жоюға аудандық бюджеттен ақша бөлгізіп бергені үшін 400 000 теңге көлемінде пара алған. Сотталушы қаражатты алып жатқан жерінен ұсталды», деп хабарлады Глубокое аудандық соты баспасөз қызметі.

Сот үкімімен айыпталушы 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оған өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.