Экономика • 29 Қыркүйек, 2021

Қай мамандықтың жалақысы қанша?

3327 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросы қызметкерлердің санын есептелген жалақы мөлшері бойынша бөлу жөнінде бір жолғы зерттеу жүргізді, деп жазады Egemen.kz.

Қай мамандықтың жалақысы қанша?

Зерттеу қорытындысы бойынша 2021 жылғы сәуірде толық жұмыс істеген қызметкерлер саны 2 895,9 мың адамды құрады, оның ішінде ерлер (1 344,9 мың адам) 46,4%, әйелдер (1 551,0  мың адам) 53,6%  құрады.

Қызметкерлердің жалпы санынан орташа айлық жалақыны 45 000 теңгеге дейін - 1,2%, 45 000 теңгеден 105 000 теңгеге дейін – 25,8%, 105 000 теңгеден 210 000 теңгеге дейін – 36,9%, 210 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін – 16,6%, 300 000 теңгеден 420 000 теңгеге дейін – 10,6%, 420 000 теңгеден 600 000 теңгеге дейін – 5,0%, 600 000 теңгеден 750 000 теңгеге дейін – 1,6%, 750 000 теңгеден 900 000 теңгеге дейін – 0,8%, 900 000 теңгеден жоғары – 1,5% қызметкер алды.

Экономикалық қызмет бөлінісінде 75000-ға дейінгі жалақысы мен қызметкерлердің ең көп үлесі «Білім беру» (49,7%)  экономикалық қызмет түрінде белгіленген, 450 000 теңгеден жоғары жалақы тау-кен өнеркәсібі  (15,8%) саласы қызметкерлеріне тиесілі. 

Қызметкерлердің орташа айлық жалақысының медианалық мәні - 157 863 теңгені, орташа айлық жалақысының модальдік мәні - 173 249 теңгені, орташа айлық жалақының дифференциациясының децильдік коэффициенті 6,0 құрады.

Орташа білімімен қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 146 879 теңгені, жоғары біліммен – 281 509 теңгені және жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен – 365 625 теңгені құрады. Қызметкерлердің жасына қарай бөлінісінде 16 жастан 24 жасқа дейінгі орташа айлық жалақысы 150 240 теңге, 25 жастан 28 жасқа дейін 189 051 теңге, 29 жастан 34 жасқа дейін 223 964 теңге, 35 жастан 44 жасқа дейін 247 825 теңге, 45 жастан 54 жасқа дейін 226 780 теңге, 55 жастан 64 жасқа дейін 211 395 теңге, 65-тен жоғары - 237 661 теңге болды. 

«Зерттеу елде жылына бір рет жүргізіледі. Онда  2021 жылдың сәуір айында толық жұмыс істеген қызметкерлер қамтылды. Зерттеуге барлық ірі кәсіпорындар және кейіннен бас жиынтыққа таратыла отырып, ішінара 30% орта және шағын  кәсіпорындар іріктеліп қатысты. Барлық қосымша ақы, үстемеақы, сыйлықақы, салық пен зейнетақы аударымын ескере отырып, 2021 жылғы сәуір айы үшін нақты есептелген жалақы туралы деректер пайдаланылды. Қызметкерлерді жұмысшылардың негізгі кәсібі мен лауазымы бойынша бөлу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2017 жылғы 11 мамырдағы № 130-од бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген Казақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышына (бұдан әрі - ҰКС) сәйкес жүзеге асырылды», деп жазады ҰСБ баспасөз қызметі.