Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2021

Мемлекеттік тіл мен дінге қатысты мәселе қадағалауымызда - Сапарбаев

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады Egemen.kz.

 

Мемлекеттік тіл мен дінге қатысты мәселе қадағалауымызда - Сапарбаев

«Қордайдағы жағдайға қатысты бірқатар мәселені айттық. Ол жерде қордаланып қалған мәселелер бар. Қазір біздің арнайы іс-жоспарымыз бен жұмысшы тобы бар. Әсіресе, әлеуметтік мәселелерге қатысты шаралар бар. Оны ретімен шешіп жатырмыз. Оның ішінде мемлекеттік тіл мен дінге қатысты мәселе қадағалауымызда тұр. Былтыр әлеуметтік мәселелерді шешу Қордай ауданына мемлекеттік бағдарламалар негізінде 35 млрд теңге бөлінген», деді ол.

Сапарбаев жалпы өңірдің экономикасын арттырып, барлық әлеуетін қолдану арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруды жүзеге асыратынын айтты.