Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2021

Алматы облысында шатқал өртеніп жатыр

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы Ескелді ауданы Қора шатқалында өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.

Алматы облысында шатқал өртеніп жатыр

Өрт шыққан жерде Талдықорған орман шаруашылығының, Қазавиаорманқорғау, Алматы облысының ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмыс жүргізіп жатыр. Оқиға орнында штаб ұйымдастырылды. Үздіксіз байланысты ұйымдастыру үшін командалық-штабтық машина, аэровизуалды бақылау үшін пилотсыз-ұшу аппараты бар жедел топ-дрон жіберілді.

Өртті сөндіруге барлығы 105 адам, 17 бірлік техника, 8 мотопомпа, сондай-ақ ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ 1 борт тікұшағы және 4 адам экипаж жұмылдырылды.

Ескелді ауданының әкімдігі өртті сөндіруге жұмылдырылған адамдарға ыстық тамақ ұйымдастырды.

«Елді мекендерге қауіп жоқ. Ең жақын елді мекен - Текелі қаласы 17 шақырым қашықтықта орналасқан», деп жазады ТЖМ баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 27 қыркүйекте сағат 15.19-да Алматы облысы Ескелді ауданының Қора шатқалындағы Талдықорған орман шылығының аумағы алтыншы омарта ауданында жетуі қиын таулы жерлерде құрғақ шөп, бұталар, аралас орман жанған болатын. Жалын 25 гектарды құрады.