TOKYO2020 • 29 Қыркүйек, 2021

ҰОК: Токио Олимпиадасындағы сәтсіз өнер себебі - коронавирус

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков қазақстандық спортшылардың Токио Олимпиадасында сәтсіз өнер көрсетуінің себебін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.

ҰОК: Токио Олимпиадасындағы сәтсіз өнер себебі - коронавирус

«Қазақстандық спортшылардың Токио Олимпиадасында сәтсіз өнер көрсетуінің себебі - коронавирус пандемиясының салдары», деп мәлімдеді Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков.

Оның айтуынша, жаттықтырушылар шектеу жағдайына бейімделуге, шешімдер іздеуге мәжбүр болған, бірақ, өкінішке қарай, бұл спортшылардың дайындығына әсер етті.

«Өздеріңіз білетіндей, спортшыларды дайындау жоспары төрт жылдық циклге арналған, бірақ пандемия салдарына байланысты олар үзілді: 160-қа жуық ірі спорттық жарыс кейінге қалдырылды немесе тоқтатылды, көптеген спорт түрінен жаттығу 6-8 айға үзілді», деді Андрей Крюков.

Сонымен қатар ол Олимпиада қарсаңында жарыстардың болмауы спортшылардың психологиялық жағдайына кері әсер еткенін айтты.

«Токиодағы жарыстардың нәтижесі көрсеткендей, негізінен ұлттық біріншілікте бәсеке жоғары болатын елдер ғана жаттығуды елінде жасай алады. Мысалы, АҚШ-та жеңіл атлетика, гимнастика, бокстан, Жапонияда дзюдодан бәсекелестік жоғары», деп түсіндірді Крюков.

Спикердің айтуынша, тағы бір себеп Азия елдерінің оқшаулануы болған. Еуропа спортшыларында басқа елдерге шығу, жарыс күнтізбесін сақтау мүмкіндігі болған. «Бұл оларға бәсекеге қабілетті тәжірибе көлемін сақтауға мүмкіндік берді», дейді Андрей Крюков.

Ол жаттығудың әдеттен тыс жерлерде өтуі мен бәсекелестіктің аз болуы нәтижеге әсер еткенін айтты. Бапкерлер штабының рөлі мен болжамы да рөл ойнады.