Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2021

СҚО-да су қоймаларына тұқы балығының бір млн шабағы жіберілмек

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл және Сергеев су қоймаларын балықтандырудың күзгі жұмыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да су қоймаларына тұқы балығының бір млн шабағы жіберілмек

Биыл күзде Петропавл және Сергеев су қоймаларына тұқы балығының 1 млн дана шабағы жіберілмек. Маусым айынан қыркүйекке дейін жасанды көлдерде өсірілген олардың ең кішкентайының салмағы шамамен 12 грамм.

Мамандар шабақтардың дұрыс жетілуі үшін күнделікті суды тазартып, тамақтандырып, оттегі көлемін назарда ұстап отырды. Енді төрт ай жұмыстың нәтижесі – балықтар өңірдің екі су қоймасына жіберілмек. Маманның айтуынша, бір шелекте шамамен 700-ден астам шабақ болады. Ал әрқайсысының орташа салмағы комиссия мүшелерінің қатысуымен, арнайы өлшеу әдісімен анықталады.

«Комиссия шабақтың техникалық сипаттамаға сәйкестігін анықтайды, әрқайсысының салмағы 12 грамнан кем болмауы тиіс. Бүгінгі көрсеткіші жақсы, тиісті мөлшерден жоғары болды. Алдымен Сергеев су қоймасын балықтандырамыз. Биыл күзде оған тұқы шабағының 579 150 данасы жіберілмек», дейді Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ басшысының орынбасары Марат Есімсейітов.

Су қоймаларын балықтандыру жұмыстары шамамен 10 күнге жалғаспақ.