Білім • 29 Қыркүйек, 2021

Аймағамбетов «Үздік педагог - 2021» байқауының жеңімпаздарын марапаттады

1432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қостанайда білім беру саласындағы маңызды салтанатты іс-шара өтті, деп жазады Egemen.kz.

Аймағамбетов «Үздік педагог - 2021» байқауының жеңімпаздарын марапаттады

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында жазды.  

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында «Үздік педагог – 2021» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды.

«Биыл оныншы рет өтіп жатқан мерейтойлық рәсім Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып, аса көрнекті ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығымен тұспа-тұс келді. Осыған байланысты біз іс-шараны ұлы ағартушының туған жерінде өткіземіз деп шешім қабылдадық», деді ол.

Президенттің қолдауының арқасында және жаңа заңның қабылдануының нәтижесінде мұғалімдердің жалақысы артып, педагогтерді өзіне тән емес функциялардан босату бойынша жұмыс жүргізілік келеді.

«Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінен келген 64 мұғалім «Үздік педагог-2021» атағына ие болды. Педагогтердің әрқайсысы 1000 АЕК көлемінде сертификатпен және «Үздік педагог» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар ақшалай сыйақылар жергілікті атқарушы органдар тарапынан да бекітілді. Бұл күні 10 педагог «Еңбек ардагері» медалімен және «Ы. Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталды. Педагогика саласының еңбек ардагерлеріне де құрмет көрсетілді. Барлық жеңімпазды лайықты марапаттарымен құттықтаймын! Қажырлы еңбектеріңіз бен мамандыққа деген адалдықтарыңыз үшін алғыс айтамын», деп түйіндеді БҒМ басшысы.