Экономика • 30 Қыркүйек, 2021

Қытай шекарасы уақытша жабылады

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай Қазақстанмен автомобиль өткізу пунктерін уақытша жабады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай шекарасы уақытша жабылады

Бұл жайында Мемлекеттік кірістер комитеті ресми мәлімет таратты.

Қытайда мереке күндеріне байланысты қазақ-қытай шекарасындағы «Нұр жолы», «Достық-авто» және «Бақты» өткізу пунктілері 2021 жылғы 1-3 қазан аралығында жабық болады.

«Бұдан басқа қытай тарапында дезинфекциялық құрылғылардың қысқы маусымға дайындауға байланысты «Бақты» өткізу пункті 3-4 қазанда да жабық болады. Шекараны кесіп өтуге ынталы тасымалдаушыларды көршілес елдегі мерекелік шаралар есебімен өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», делінген хабарламада.