Қазақстанда радиохабар тарату 1921 жылдың қазан айында басталған. Осы оқиғаны негізге алған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ радиосының 100 жылдығын мерекелеу аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп жариялауды ұсынған болатын.
Радио қызметкерлерін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева әлеуметтік желіде құттықтады.