Оқиға • 03 Қазан, 2021

ШҚО әкімдігінің ғимараты өртенді

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында ШҚО әкімдігінің ғимарында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО әкімдігінің ғимараты өртенді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, М.Горький көшесінде орналасқан әкімдіктің 5-қабатындағы кабинеттердің бірінде өрт шыққан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Көк түтін тұмшалап алған қабатқа көтерілгенде қызыл жалын кілемді шарпып жатқан.

«Құтқарушылар жалпы ауданы 121 шаршы метрді құраған тілсіз жауды толықтай ауыздықтап, ары қарай таралуына жол бермеді. Зардап шеккен ешкім жоқ», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі белгісіз болып отыр. Соған орай мамандар тексеру жүргізетін болады.