«Тұрғылықты жері бойынша 92 мыңнан астам азаматтық қару иелері тексерілді, оларда азаматтық қаруды сақтау ережелерін бұзудың 1,2 мыңға жуық фактісі анықталды», деді Нұрділа Ораз.
Іс-шара басталғаннан бері полиция қызметкерлері 200 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың, оның ішінде 3,5 мың ұсақ бұзақылық фактісінің, тұрмыстағы 4,3 мың бұзушылықтың, 30 мыңнан астам көші-қон заңнамасының жолын кескені атап өтілді.
Бір апта ішінде Қазақстанда 2 877 қылмыс жасалған, оның 1 847-сі бір тәулік ішінде ашылған.
«Бір апта ішінде Қазақстанда 2 877 қылмыс жасалды, оның 1 847-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» жеті кісі өлтіруді, екі қасақана өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіруді, екі қарақшылықты, 35 тонауды, 412 бөтен мүлікті ұрлауды ашты», деп нақтылады Нұрділдә Ораз.