Кино • 04 Қазан, 2021

Кинотүсірілім тобы алғаш рет ғарышқа ұшуға рұқсат алды

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Вызов» фильмінің түсірілім тобы әлемде алғаш болып ғарышқа ұшып, Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) баруға рұқсат алды, деп жазады Egemen.kz.

Кинотүсірілім тобы алғаш рет ғарышқа ұшуға рұқсат алды

© REUTERS / Andrey Shelepin/GCTC/Roscosmos

РИА Новостиге «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясынан хабарлағандай, ХҒС-қа ұшуға актриса Юлия Пересильд, режиссер Клим Шипенко және ғарышкер Антон Шкаплеров мақұлданды.

Кинокомпания 5 қазанда орбитада алғашқы толықметражды «Вызов» фильмнің түсірілімін бастайды. 

Экипажды мемлекеттік корпорацияның бас директоры Дмитрий Рогозин басқаратын мемлекеттік комиссия бекітті. Ол сонымен қатар фильмнің продюсерлерінің бірі.

«Союз-2.1а» зымыраны «Союз МС-19» ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш айлағының 31-ші алаңынан  5 қазан күні Нұр-Сұлтан уақытымен 14: 55-те ұшады.

Экипаж ХҒС-қа 3 сағат 17 минутта жетеді. Ғарыш стансасында оларды халықаралық экспедиция күтіп алады. Оның құрамында ресейлік Олег Новицкий мен Питер Дубров, американдық Марк Ванде Хая, Шейн Кимбров пен Меган МакАртур, жапондық Акихико Хошиде (станса командирі) мен француз Том Песке бар.

Пересильд пен Шипенко ғарыш стансасында 12 күн болады деп жоспарланған. Экипаж 17 қазан күні Жерге оралады.