Тағайындау • 04 Қазан, 2021

Атырау қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы тағайындалды

1482 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жан Досқалиев Атырау қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz «Ақжайық» басылымына сілтеме жасап.

Атырау қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы тағайындалды

Ж.Досқалиев 1991 жылы туған, 2013 жылы Х.Досмұхамедұлы атындағы мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2014 жылы Атырау әкімі аппаратының қызметкері болып бастады. Осы тағайындауға дейін қалалық жер қатынастары бөлімі бастығының орынбасары болған. 

Соңғы жаңалықтар