Кәсіпқой бокс • 05 Қазан, 2021

Қанат Ислам рингке қашан оралатынын айтты

878 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақта WBO International чемпионы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) жақында рингке оралуды жоспарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.

Қанат Ислам рингке қашан оралатынын айтты

37 жастағы спортшы өзінің Инстаграм парақшасында Ыстамбұлда жаттығу жасап жүргенін хабарлады.

«Құрметті менің жанкүйерлерім, біз жекпе-жек жаттығуларына қызу дайындықтамыз. ИншАллах, жақында жақсы жаңалықтармен бөлісеміз. Сіздерге Түрік елінен жалынды сәлем!» деп жазды ол.

Қанат Исламның соңғы кездесуі 21 ақпанда Майамиде өтті. Онда боксшы жетінші раундта эквадорлық Джейсон Миндуды (14-4-1, 8 КО) нокаутқа жіберді.