Өңірде 9 қазаннан бастап мәдениет нысандарында дайындық жүргізуге, сонымен қатар театр, кинотеатр, бильярд, балалардың ойын орталығы, компьютер клубы, боулинг, аквапарк, түнгі клуб, банкет залы мен караоке клуб жұмысына тыйым салынады.
Форум-конференция жұмысына, отбасылық мереке мен ас беруге, көрме, корпоратив кештеріне де рұқсат жоқ.
Спорттық іс-шаралар көрерменсіз өтеді.
Балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары адам санын 15-тен асырмай жұмыс істей алады.
Сұлулық салоны, шаштараз, медициналық орталық, стоматология тек алдын ала жазылу бойынша ғана қабылдайды.
Мейманхана мен қонақ үй 80 %-дан аз толуы тиіс.
Жабық базар, СПА-орталық, бассейн мен спорт кешендері сенбі-жексенбі жұмысын тоқтатады.
Ал қоғамдық тамақтану орындары сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ғана және адам санын 30-дан асырмай, 50 % толымдылықпен ғана жұмыс істемек.
Асханалар сағат 9.00-ден 24.00-ге дейін ашық болады.
Аумағы 2 мың шаршы метрден асатын сауда орталықтары сенбі-жексенбі жұмыс істемейді.
Бұл шектеулердің Ashyq жобасына қатысушыларға қатысы жоқ. Олар қосымша талабына сай «сары» мәртебе бойынша жұмысын жалғастырады.