Қоғам • 06 Қазан, 2021

Қоршаған ортаға – әйел алақаны

359 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Еліміздің дамуына өзіндік үлесін қосуда нәзік жандылардың орны айрықша. Бұл елімізде гендерлік теңдіктің артып келе жатқанын көрсетеді. Гендерлік теңдік тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Елбасы саясатының өзекті қырларының бірі болды. Ел Президенті де қазақ әйелдерінің қоғамдық жұмыстарға белсене араласуына мүмкіндік жасап отыр. Бүгінде аруларымыз бен аналарымыз мемлекеттік, әлеуметтік секторларда, қоғамдық жұмыстарда, экономика, білім-ғылым сияқты түрлі салада жұмыс істейді. Ел экологиясына да үлес қосып, тұмса табиғатты сақтау жолында жан-тәнімен еңбек етіп жүрген нәзік жандар жайлы айтпай кетуге болмас.

Қоршаған ортаға –  әйел алақаны

Бүгінде елімізде 29 ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар. Оған 13 ұлттық парк, 6 резерват, 10 мем­лекеттік табиғи қорық кі­реді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ­тарға эталонды және біре­гей табиғи кешендер мен объек­тілерді, сондай-ақ тарих, мәде­ниет ескерткіштерін және басқа да мәдени мұра объектілерін сақтау, рекреациялық пайдалану жағдайында табиғи кешендерді сақтаудың ғылыми әдістерін әзір­леу және енгізу, бұзылған та­биғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектілерді қалпына келтіру, халыққа экологиялық мониторингті енгізу секілді негізгі міндеттер жүктелген.

Елімізде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында 3 756 адам қызмет атқарса, олардың арасында 601 нәзікжанды әріп­тесіміз бар. Олардың бұл салаға қосып жатқан үлесі зор. Мысалы, қарапайым еңбек адамы – орманшы Райхан Мұхаметжанованың еңбегі көпке үлгі. Ол 2007 жылдан бері Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Үлкен Алматы орманшылығында жұмыс істеп келеді.

Орманшы болу да екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл жұмысқа шыдамайтын ер-аза­маттар кездеседі. Ал Рай­хан Оразханқызы болса бұл мамандықтың ыстығына күйіп, суығына тоңып келеді. Өз кәсіби білімін мекеменің табиғат қор­ғау аясындағы жұмыстарда ал­дыңғы қатарда болуына және орман шаруашылығының әлеу­меттік-экономикалық және эко­логиялық жағдайды жақсарту, ынтымақтастықты нығайту жолында пайдаланып келеді.

Табиғатты қорғау ісіне белсене араласып келе жатқан жанның бірі – «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің дирек­торы Зәуреш Әлімбетова. Қыз­метін Министрлер кеңесінің «Алатау» өсімдік шаруашылығы цехында қарапайым маман болып бастаған ол осы күнге дейін біршама жолды жүріп өтті. Зауреш Жансұлтанқызы Барсакелмес қорығында 2000 жылдардан бері жұмыс істеп келеді. Бұл жерде ғылыми қызметкер, дирек­тор­­дың орынбасары лауазымдарын атқарады. Көптеген эколо­­гиялық жобаға қатысып, өзі­нің білімі мен тәжірбиесін бө­лі­­суден тартынған емес. Мә­селен, «Арал теңізі өңіріндегі шө­­лейттенуге және сортаңды жер­лерді қалпына келтіруге қар­сы күрес», Жапонияда өткен «Кау­­кей кентіндегі жасыл қор­ғаныс белдеуі», «Қаратерең кен­тіндегі жасыл қорғаныс бел­деуі» экологиялық жобаларына қатыса отырып, қоршаған ортаны қорғау бойынша ойларын ортаға салды. Нәтижесінде, осы кенттерде жасыл қорғаныс белдеуі құрылды. Бұл кенттің экологиясына оң әсерін тигізді. Сондай-ақ Қазақстандағы ЕҚЫҰ және ХАҚҚ орталығының «Арал теңізі бассейнінің қазақ­стандық бөлігінде су ресурстарын интеграциялық басқару жүйелерін енгізу: ұлт­тық деңгей­дегі практикалық қа­дамдар», «Сыр­дария өзені мен Кіші Арал теңізінің сулы-батпақты ал­қап­та­рына экомониторинг» жобала­рына қатысып, ғылыми тұжы­рым­дамаларымен бөлісті.

«Көлсай көлдері» МҰТП рес­публикалық мемлекеттік меке­месінде өз мамандығының мақта­нышына айналған жандардың бірі – Бағдат Уәлиева.

Бағдат Бағашарқызы маман­дығы бойынша биолог, өз еңбек жолын Алматы облысының Кеген ауда­нындағы Қарабұлақ орта мек­тебінде ұстаз болып бас­таған. Ұлттық паркте 2013 жыл­­дан бері Ғылым және мони­то­ринг бөлімінің басшысы қыз­метін атқарып келеді. Өз қыз­метін атқару кезінде Бағдат Ба­ғашарқызы бірнеше буын шәкірт тәрбиелей білген, көп­теген ғылыми жобаға қатысып, ұлттық парктің флорасы мен фаунасын зерттеуге еңбек сіңіріп, бес түрлі ғылыми еңбектің шығуына үлес қосты. Сонымен қатар әріп­тестері арасында құрметке ие, қоғамда үлгілі отбасының ұйтқысы болып отырған жан.

Өз мамандығының мақтаны­шына айналғандардың бірі – Гүлмира Нысанбаева. Ол өзінің еңбек жолын 2006 жылы Шарын ұлттық паркінде референт хатшысы қыз­метінен бастады. Шарын ұлт­тық паркінде 2009 жылдан бері қызмет етіп келеді. Бұл жерде туризм және экологиялық ағар­ту бөлімінің маманы, туризм және экологиялық ағарту бөлімінің бастығы қызметтерін ат­қарған ол бүгінде «Шарын мем­лекеттік ұлттық табиғи паркі» ди­ректорының ғылым және туризм жөніндегі орынбасары. Гүлмира Нұралықызы – жұмыспен қатар отбасының ұйытқысы болып отырған ардақты жан.

Сондай-ақ ел экология­сына бейжай қарамай, өзекті мәсе­лелерге үн қосып келе жат­қан елі­міздегі нәзік жанды экобел­сенділерінің, экологтердің еңбегі де орасан екенін атап өткім келеді.

Әлия ШАЛАБЕКОВА,

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі