«Шоқ шайнап, от бүріккен Қасымдайын» деп тебіренген жыр дүлдүлі Мұқағали Мақатаевтың туған күні елордадағы Қазақстан-Ресей университетінде аталып өтті. Оған ұйытқы болған осы білім ордасындағы «Абайтану» орталығы еді. Кешке «Абай нұры» өнерлі жастар клубы да өз үлестерін қосты.
«Жырсыз менің өмірге не керегім, Жырдан басқа жұртыма не беремін» деп жырымен халқын қанаттандырып келе жатқан ақиық ақынның өлеңдеріне жазған Т.Рақимов, А.Есмұханов, Е.Тілепбердиев, К.Жалғасов әндерін белгілі өнер шеберлері Е.Қасымов, М.Шәйкенов, Н.Арзамасов нақышына келтіріп орындады. «Дауысы асқақ, үні кең» деп ақын Б.Тобаяқов өлең арнады.
«Абайтану» орталығының директоры А.Мұхаметқалиқызы Мұқағалидың «Осы мен сірә да, өлмейтін шығармын, Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын» деген екі жол өлеңін еске түсіріп, Абайдың рухани ізбасарларын әркез жастарға жеткізіп отыруды мақсат еткенін еске салды. Ал Қазақстан-Ресей университетінің ректоры, ҰҒА корреспондент-мүшесі Марат Молдахметов екі елдің арасындағы рухани сабақтастықты жалғастыру ниетінде жоғарыдағыдай орталықтың жұмыс істеп жатқанын, сонымен бірге, ол студенттерге өз таланттарымызды таныту ісіне де үлес қосып отырғанын Қасым, Мұқағали, Қадыр, Тұманбай секілді қазақ поэзиясының жарық жұлдыздарының екінші өмірін жаңғырту үрдісі қалыптаса бастағанын тілге тиек етті.
Шынында, ұлтымыздың мақтанышына айналған алыптарын әркез осылай еске түсіріп отырсақ, ұтылмасымыз анық. Тіпті руханияттың айтулы тұлғаларын туған күнінде, не мерейтойында елеу үрдісін, әр жыл сайын поэзия кештерін жиі өткізу үлгісімен жалғастырсақ ұтылмас едік. Бұл жас ұрпақтың жақсыларын танып-білуіне мүмкіндік берер еді. Іргелес жатқан Ресей елі мұндай дәстүрді үзбей жалғастырып келеді. Соның бір мысалы, аз ғұмырында аз мұра қалдырса да көптей көріп Николай Рубцовқа арналған жыл сайынғы поэзия маусымы соның дәлелі деп білеміз. Осындай үлгі орнықса, көзі тірісінде «... сірә да, өлмейтін шығармын!» деп кеткен Мұқағали сөзі ақиқатқа айнала бермек.
Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан».

Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Бүгін, 21:45
Ормұз бұғазы ашылды: Иран маңызды теңіз жолын қайта іске қосты
Әлем • Бүгін, 21:30
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Бүгін, 21:00
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Бүгін, 20:30
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
Президент • Бүгін, 20:05
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Бүгін, 19:55
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 19:45
Алматыда хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған ер адамға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 19:20
Анталия дипломатиялық форумы: Қазақстанның халықаралық рөлі қандай?
Форум • Бүгін, 19:06
Жетісуда полицейлер көлік өртін сөндіріп, адамдарды құтқарды
Оқиға • Бүгін, 19:00
«Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
Ғылым • Бүгін, 18:40
Таеквондошылар төртінші жүлдеге қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 18:05
«Келешек мектептері» оқушылары арасында футзалдан республикалық турнир аяқталды
Келешек мектептері • Бүгін, 18:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: БҰҰ превентивті дипломатияға баса назар аудару керек
Президент • Бүгін, 17:59
Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерді атады
Президент • Бүгін, 17:48