Әлем • 08 Қазан, 2021

АҚШ-та полицей Қырғызстан азаматын атып өлтірді

4067 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америка құрама штаттарында полиция Қырғызстан азаматын атып өлтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-та полицей Қырғызстан азаматын атып өлтірді

Бұл туралы Кабар ақпарат агенттігі мәлімдеді.

АҚШ-тағы Қырғызстан елшілігінің мәліметінше, 1993 жылғы Қырғызстан азаматы М.Н.-нің өлімі туралы ақпарат түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, оған Пенсильвания штатының полицейлері 5 қазанда көп оқ атқан. Қырғызстан азаматы мерт болған. Елшілік мән-жайды анықтау үшін АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі мен Мемлекеттік департаментке жедел сұрау жолдаған.

Қазіргі уақытта жауап күтіп отыр.