Үкімет • 08 Қазан, 2021

Ералы Тоғжанов Батыс Қазақстан облысында болды

318 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын түсіндіру және орындау жөніндегі жұмыс сапары аясында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған делегация Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ералы Тоғжанов Батыс Қазақстан облысында болды

Бірінші нысан - өңірдегі жетекші заманауи «Uniserv Medical Center» клиникасы, онда медициналық қызметтердің толық спектрі көрсетіледі.

 

Бұдан әрі вице-Премьер Теректі ауданының Подстепное кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің және Зачаганск кентіндегі бұрынғы мейрамхана ғимаратында ашылған «Шабыт» мектептен тыс жұмыс орталығының қызметімен танысты. Атқарушы органдардың қолдауымен жергілікті кәсіпкерлер мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында ойын-сауық бизнесін әлеуметтік жобаға қайта бейімдеді.

 

Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының Жолдауда балалар спортын дамытуға басымдық бергенін айрықша атап өтті.

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында мектептен тыс қосымша білім берумен қамту көрсеткіші 98,7% - ды құрайды. Облыстың он мыңдаған жасөспірімдерінің үйірмелер мен жастар ұжымдарында шығармашылықпен және спортпен шұғылдануға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, делегация әлеуметтік кәсіпкерлік бағдарламасы аясында ашылған нысандарды аралады.

Атап айтқанда, «Протездеу және ортопедия орталығы», ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға консультациялық және психологиялық қолдау көрсетілетін «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы. Сапар аясында Премьер-Министрдің орынбасары өңірдегі эпидемиологиялық ахуал мәселелері бойынша облыс активімен кеңес өткізді.

Е. Тоғжанов COVID-19-ға қарсы вакцинациялау деңгейін күшейтуді, сондай-ақ өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Кеңес соңында Премьер-Министрдің орынбасары облыс басшылығының әлеуметтік мәселелерді шешу жөніндегі оң жұмысын атап өтті – өңірде шағын жинақталған, үш ауысымды мектептердің орнында заманауи білім беру нысандары салынуда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік белсенді дамуда, халықтың осал топтарына қолдау көрсетілуде.

Вице-Премьер облыс әкімдігіне өңірді дамыту және Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.