Теңге бағамының төмендеуіне, ал тиісінше АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағасының көтерілуіне байланысты жағдайды естіген халық алғашында абдырап қалғаны, дәлірек айтқанда, не істерін білмей, әбігерге түскені рас. Себебі, бұл хабар бірінші кезекте бізді, яғни қарапайым жұртшылықты қатты толғандырады емес пе? Егер, шынымен де теңгенің бағамы түсетін болса, алдағы уақытта елдегі жағдай қалай болмақ? Бұл сауал менің ойымша, Қазақстанның барлық азаматтарын, әсіресе қарапайым халықты толғандырмай және алаңдатпай қоймасы анық. Демек, алдағы уақытта Ұлттық банк болсын, Үкімет болсын, ең алдымен, қарапайым халықтың жағдайын, олардың тұрмысының төмендеп кетпеуін, жалпы алғанда, әлеумет әлеуетінің құлдырап кетпеуін ойлауы керек секілді. Бір ғана мысал келтірейін. Мен өзім зейнеткермін. Ал мен секілді тек зейнетақымен ғана күн көріп жатқан азаматтар қаншама! Басқа тауарларды айтпай-ақ қояйын, мәселен, халық тұтынатын тауарлардың, азық-түліктердің бағасы өсіп кететіндей жағдай орын алатын болса, мен секілді зейнетақыға қарап отырған халықтың жағдайы не болмақ? Бұл ретте халықты «Дүкендердің сөрелерінде тұрған тауарлардың ішінде импорттық тауарлар қаншама. Егер, теңге бағамы төмендесе, онда сырттан келетін азық-түліктердің бағасы да доллардың бағамына сәйкес өзгеріп, көтерілмей ме?» деген сауал да мазалары анық қой. Міне, мәселенің мәнісі қайда жатыр. Мені де осы ой мазалап, азық-түлік алу үшін бір-екі дүкенге кіріп шықтым. Әзірге, мен алып жүрген күнбағыс майының бағасы сол қалпында, өзгермей тұр екен. Алдағы уақытта да халыққа қажетті, күнделікті тұтынатын осындай тауарлардың бағасы күрт көтеріліп кетпесе деген тілегіміз бар.
Өзім бұл хабарды естіген кезде Үкіметтің не айтып жатқанын, Ұлттық банктің қандай мәлімдеме жасағанын білгім келіп, отандық телеарналарды қосып, тыңдадым. Әрине, әртүрлі пікірлерді естідім. Мәселен, бір азаматтар доллардың өсуіне байланысты даурығудың қажеті жоғын, бұл жағдай керісінше отандық кәсіпкерлердің импорт пен экспорттағы бәсекелестігін арттыра түсетіндігін алға тартуда. Ал Үкiмет пен жергiлiктi атқарушы органдар Ұлттық банкпен бiрлесiп, бағаның бірден өсуіне жол бермеу жұмыстарын жүргiзетiндерін, доллардың теңгеге шаққандағы бағамының теңгерімділігін ұстап тұру үшін барлық жағдай жасайтынын, алғашқы күндерi мұндай жағдайдың орын алуы заңдылық екенін, алайда, теңге бағамына қатысты жағдай бiрнеше күннiң iшiнде тұрақталатынын айтып жатыр.
Демек, бұл мәселе – Үкіметтің де, Ұлттық банктің де айрықша назарында тұр деген сөз. Президент әрдайым халықтың әлеуметтік жағдайына айрықша мән беріп отыратынын білеміз. Әлеуметтің әлеуетіне, халықтың тұрмыс-деңгейіне, мемлекетіміз экономикасының көтерілуіне қатысты мәселелерді өзінің жыл сайынғы Жолдауынан да тыс қалдырған емес.
Мәрияш БОРАНБЕКОВА,
зейнеткер.
АСТАНА.

Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Бүгін, 21:45
Ормұз бұғазы ашылды: Иран маңызды теңіз жолын қайта іске қосты
Әлем • Бүгін, 21:30
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Бүгін, 21:00
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Бүгін, 20:30
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
Президент • Бүгін, 20:05
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Бүгін, 19:55
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 19:45
Алматыда хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған ер адамға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 19:20
Анталия дипломатиялық форумы: Қазақстанның халықаралық рөлі қандай?
Форум • Бүгін, 19:06
Жетісуда полицейлер көлік өртін сөндіріп, адамдарды құтқарды
Оқиға • Бүгін, 19:00
«Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
Ғылым • Бүгін, 18:40
Таеквондошылар төртінші жүлдеге қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 18:05
«Келешек мектептері» оқушылары арасында футзалдан республикалық турнир аяқталды
Келешек мектептері • Бүгін, 18:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: БҰҰ превентивті дипломатияға баса назар аудару керек
Президент • Бүгін, 17:59
Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерді атады
Президент • Бүгін, 17:48