Аймақтар • 11 Қазан, 2021

Қарағандыда аттракционнан секірген қыз қайтыс болды

570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда роупджампинг экстремалды ойыны қайғылы жағдаймен аяқталды. Беліне арқан байлап, шатырдан секірген әйел бетон қабырғаға соғылып, ауруханада қайтыс болды деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда аттракционнан секірген қыз қайтыс болды

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті.

Аталған жайтқа байланысты полиция қылмыстық іс қозғаған.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабының 1-тармағымен (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деді тәртіп сақшылары.

Кінәлі анықталса ол 160 АЕК көлеміндегі айыппұлмен құтылуы мүмкін.

Айта кетейік, марқұм «Созвездие» қонақ үйінің шатырынан – 30 метр биіктіктен секірген. Ол 33 жаста еді. Басынан алған ауыр жарақат салдарынан әйел ауруханаға жеткізілген. Алайда, дәрігерлер «оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», дейді.