«Бір апта ішінде 2951 қылмыс жасалды, оның 1955-і бір тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 12 кісі өлтіруді, өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылықты, 34 тонауды, 441 бөтен мүлікті ұрлауды ашты», деп хабарлады Нұрділдә Ораз ІІМ брифингінде.
ІІМ ресми өкілі хабарлағандай, бір апта бұрын Қазақстанда 2 877 қылмыс жасалған, оның 1 847-сі бір тәулік ішінде ашылған. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 7 кісі өлтіруді, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылықты, 35 тонауды, 412 бөтен мүлікті ұрлауды ашты.