Коронавирус • 11 Қазан, 2021

Жалған вакцинация паспорттары жойылады

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинация паспортын қолдан жасағандармен қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жалған вакцинация паспорттары жойылады

Алексей Цой шектеулі сипаттағы немесе белгілі бір құндылығы бар құжаттарға сілтеме болған жағдайда әрдайым жалған тәуекелдер бар екенін айтты.

«Біз бұл мәселені бірінші болып қолға алдық. 90-нан астам қылмыстық іс қозғалды. Олардың жартысынан көбі жалған ПТР тестілері, қалғандары вакцинация паспорттарын жасаумен байланысты болды. Мұндай жағдайлардың әрқайсысы сот шешімі болған кезде қарастырылады, осы жалған құжаттардың барлығы базадан шығарылады. Яғни, әрбір жағдай қаралады, біз оны қатаң қадағалаймыз», деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, алдын алу шарасы ретінде әрбір вакцинация кабинетінде бейнебақылау камералары орнатылған. 

«Біз халыққа бұл өзін-өзі алдау екенін түсіндіруге тырысамыз. Қағаз сатып алу инфекциядан қорғамайды. Жұмысты жүргізіп жатырмыз», деп түйіндеді Денсаулық сақтау министрі.