12 Ақпан, 2014

«Отбасымның» тұсаукесері

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Отбасым» ұлттық құндылықтар орталығының тұсаукесер рәсіміне арналған шара өтті. Аталған шара мың бұралған қазақ биімен ашылды. «Бүгінгі өткізіліп отырған игі шара баршамыздың отбасымызға, ұшқан ұямызға деген құрметіміз» деп білемін. Отбасының ең басты парызы ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу. Сондықтан ұлттық комиссияның жанынан халқымыздың салт-дәстүрін насихаттайтын «Отбасым» орталығын құру шешімі қабылданған-ды. Бүгін біз өз қызметін бастаған орталықтың алғашқы қада­мына сәт-сапар тілеп отырмыз», деді жиынның ашылу салтанатында сөз алған Прези­­­дент жанындағы Әйел­дер істері жә­не отбасылық-демо­­графиялық сая­­­сат жөнін­­­дегі ұлттық комиссияның төрайымы Махаббат Бекбосынова. Тұсаукесер бағдарламасына орай қазақ­тың «Қыз ұзату» және «Келін түсіру» дәс­түрлерінен көріністер ұсы­нылды. Соны­мен қатар, танымал отандық дизайнер Айдархан Қалиевтің «Ұлы дала арулары» атты бірегей топ­тамасы жиылған жұрт назарына ұсынылды. Өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент А.Қалиев «Асыл-Дизайн» сән үйінің негізін қалаушы әрі бас дизайнері. Оның авторлық топтамалары алыс-жақын шетелдерде өткен дүниежүзілік және халықаралық көрмелер мен форумдарда Қазақ елі атынан ұсынылған. Сондай-ақ, ол алпыстан аса имидждік және маусымдық топтамалардың да авторы екен. ««Отбасым» бұл – ұлттық құнды­лық­тарды жаңғырту мен насихаттау ісіне жұ­мыс істейтін қоғамдық ұйым. Соны­мен бірге, қазақстандық отбасы үшін халқы­мыз­дың мәдени мұрасын дамытуға үлес қосу екенін де айта кетсек дейміз. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».