2018 жылы тұрғын үй заңнамасына түзетулер енгізілгеннен кейін әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жағдайында оң өзгерістер бар. Осы уақыт аралығында 9 мыңнан астам әскери қызметші үйлі болды, деп жазады Egemen.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қолданыстағы бұл үлгі оларға ағымдағы тұрғын үй төлемдерін жинақтауға, ипотекалық несиеге тұрғын үй сатып алуға, жалға алған тұрғын үйді төлеуге, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жарналар енгізуге, өз үйін салуға мүмкіндік береді.
Заң жүзінде күнтізбелік есеппен 20 және одан да көп жыл қызмет еткен әскери қызметшілер тұрғын үйді ақысыз жекешелендіре алады немесе ақшалай өтемақы ала алады.
Бұл түзетулер қабылданғанға дейін тұрғын үй мәселесін шешу 10 жылдан астам, бірақ 20 жылға дейін еңбек сіңірген әскери қызметшілер санаты үшін проблемалы болған еді. Сол себепті әскери қызметтен босатылғаннан кейін олар ұзақ уақыт бойы жабық әскери қалашықтарда тұрғын үйді жекешелендіру құқығынсыз өмір сүрді. Заңнамадағы өзгерістер әскери зейнеткерлерге айырбастау құқығын пайдалану арқылы тұрғын үйді жекешелендіруге мүмкіндік берді.
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласовтың айтуынша, қызметтік тұрғын үйді мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінген пәтерге ауыстырғаннан кейін әскери зейнеткерлер оны қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.
"Семей полигонындағы ядролық сынақтардан және Арал өңіріндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен адам мәртебесі берілгендер тегін жекешелендіру құқығына ие. 30% бастапқы жарна төлеген жағдайда қалған соманы 10 жылға пайызсыз төлеу де қарастырылған", деді М. Таласов.
Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылы әскери қызметтен запасқа шығарылған 742 тұлға жабық әскери қалашықтарда тұрған. Осы уақыт аралығында олардың жартысы (371) қызметтік үй-жайды еліміздің кез келген қаласындағы тұрғын үйге ауыстырды.
Айта кетсек, ең көп сұранысқа ие пәтерлер Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей Талдықорған және Тараз қалаларында орналасқан.
Бос тұрғын үй қоры туралы барлық ақпарат Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында орналастырылған. «Тұрғын үймен қамтамасыз ету» бөлімінде қалалар бойынша бөлмелер саны, ауданы және тұрғын үй құны көрсетілген. Бүгінгі таңда алмастыру үшін ұсынылған 134 қызметтік пәтер бар.
Әскери қызметтен запасқа шығарылған адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Аймақтар • Кеше
Елордаға Түркістан театры келеді
Театр • Кеше
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Аймақтар • Кеше
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Абай • Кеше
Қоғам • Кеше
Кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қаржы пирамидасы: Алданғандар азаяр емес
Қоғам • Кеше
Неплюев училищесінде оқыған қазақтар
Тарих • Кеше
Дүниесі түгенделмеген дүр-мәдениет
Өнер • Кеше
Әл-Фараби және қазақ аспаптары
Өнер • Кеше
Қазақстан Түркиямен барлау әскери ақпаратымен алмасатын болады
Қазақстан • Кеше
Ақтау әкіміне сөгіс жарияланды
Аймақтар • Кеше
Бішкекте қазақ кинолары көрсетілді
Кино • Кеше
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда жоғалған қызды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Аймақтар • Кеше
Интернет арқылы есірткі сатқан павлодарлық сотталды
Оқиға • Кеше
Алматыда екі көше жартылай жабылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар