12 Ақпан, 2014

80-ге келсе де есірткі сатып жүр

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атбасар қаласында осындай оқиға орын алды дегенде жағамызды ұстағанбыз. Бірақ, оған еш таң­ғалудың қажеті жоқ екен. Жасы еңкейген шалдың екі қызы бұған дейін есірткі бизнесімен айна­лысқаны үшін сотталып, түрмеде жазаларын өтеп жүргенін білдік. Отбасылық қылмыстық кәсіпті жалғас­тырған жазған шал героинді сатып тұрған жерінде құрықталған. Жергілікті полиция қызметкерлері оның үйін тінту барысында, кереуеттің астына жасырылған героиннің қомақты бөлігін тапты. Тәркіленген қатты әсердегі есірткінің жалпы салмағы 145,42 грамды тартады. Бұл аса үлкен көлемдегі апиын саналады. Бүгінгі күні ҚР ҚК 257-бабының 3-бөлі­мімен (есірткі заттарын заңсыз сатқаны үшін) қыл­мыстық іс қозғалды. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы.