12 Ақпан, 2014

Елшілермен екіжақты әңгіме

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің елшісі Слайман Арабиатпен және Катар Мемлекетінің елшісі Абдулла Әл-Мутаваамен олардың өтініштері бойынша кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Иордания және Қазақстан мен Катар арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың мәселелері, парламентаралық үнқатысуды дамытудың келешегі талқыланды. Қ.Тоқаев Аммандағы орталық көшелерінің біріне Президент Нұрсұлтан Назарбаев есімінің берілуіне орай иордан елшісіне ризашылығын білдірді. Ол, сондай-ақ, Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Танидің таяудағы Астанаға ресми сапарының маңыздылығын атап өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.