Орал қаласында «Атамекен» атты өнер ордасы ашылды. Үш қабаттан тұратын, жалпы аумағы 25 мың шаршы метрден тұратын ақшаңқан сарайдың сахнасы неміс және француз акустикалық һәм жарық-техникалық жабдықтарымен жарақталған.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына тарту ретінде ұсынылып отырған өнер сарайы шын мәнінде өте салтанатты, ғажайып архитектуралық үлгіде салынған екен. Ғимарат құрылысына Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в компаниясынан облыстың әлеуметтік саласын қолдауға бөлінетін 9 465 254 млн теңге жұмсалған. Іші-сырты әсем өңделген өнер ордасының үлкен көрермен залы 926 адамға арналған. Қажет кезінде автономды электр қуатын қосып, қызмет көрсете беретін, сурет галереясы, түрлі үйірмелер шоғырланған сәнді сарайдың ауа алмастыратын құбырының ғана ұзындығы 20 шақырымға жетеді екен. Ұрым стиліндегі алып колонналар, травертин, гранит, мәрмәр сынды қымбат тастармен өңделген еден мен қабырғалар ерекше әсерге бөлейді. Жылы автотұрағы, көрермендерге және өнерпаздарға арналған кафесі, 50 және 25 адам сиятын мәжіліс залдары, 36 адамдық конференц-залы, толып жатқан қызметтік бөлмелері бар алып ғимаратты күрделі кешен десе жарасады.
– Туған елімізде тұғырымыз берік, халқымыздың мәртебесі асқақтап тұруы үшін жаңадан салынған өнер ордасына «Атамекен» атауын бердік. Бұл атау өңірдің дамуына еңбегі сіңген зиялы қауым өкілдерінің ұсынысымен қойылды. Өнер шаңырағының Тұңғыш Президент алаңында бой көтеруінің символикалық мәні бар. Өйткені киелі тәуелсіздігімізді баянды етуде Елбасымыздың еңбегі ұшан-теңіз. Сән-салтанаты келіскен өнер ордасы ұлтымыздың руханиятына қосылған тамшыдай болса да үлесіміз деп есептейміз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру, жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныстыра алады» деп атап өтті. Руханиятқа жұмсалған қаржы – болашаққа салынған кірпіш деп түсіну қажет. Мәселен, осыдан 20 жыл бұрын ел Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Оралда бұрын-соңды болмаған сәулеттік үлгіде қазақ драма театры бой көтерген еді. Ол өнерге сусаған халықтың шөлін басты, елдің еңсесін көтерді. Бүгінгі ашылып отырған еңселі өнер ордасы да сол ізгі бастаманың заңды жалғасы, – деді өңір басшысы Ғали Есқалиев өзінің құттықтау сөзінде.
Ақжайық өңірі мәдениетінің ең бір қуанышты күніне Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегациясының сапары дөп келген екен. Облыстағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралап шыққан Ералы Лұқпанұлы өнер сарайының ашылу салтанатына қатысып, сөз сөйледі.
– Бүгін облыста жүзеге асыры-
лып жатқан үлкен жаңалықтарға куә болдық. Қасым-Жомарт Кемелұлының халыққа арнаған Жолдауында қойған нақты бағыттар бойынша жұмыс жүргіздік. Оның ішінде коронавирус індетімен күрес жүргізуге байланысты медицина саласындағы бірқатар мәселе көтерілді. Білім саласы бойынша облыс деңгейінде шешіліп жатқан және 2022 жылға дейінгі шешілетін мәселелерді бірге талқыладық. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсететін орталықтардың ашылуына куә болдық. Бизнес саласы өкілдерінің әлеуметтік салаға – өнер мен білімге ерекше көңіл аударғанын, нақты іс-әрекетін көрдік. Елдің өсуі мен өнуі ең алдымен оның мәдениетімен тікелей байланысты. Бүгін алыстан қарағаннан-ақ жүректі баурап алатын үлкен мәдениет ордасы дүниеге келді. Бұл ең алдымен тәуелсіздігіміздің арқасы. Соның нәтижесінде салтымыз бен дәстүріміз жаңғырды, еліміз еңсесін көтерді. Тәуелсіздіктің арқасында Батыс Қазақстанда осындай зәулім мәдениет ордасы бой көтерді. Осындай өнер ордаларының жұмыс жасауымен елдің рухы, халықтың намысы көтеріліп, туымыз биікте желбірейді, – деді Үкімет басшысының орынбасары.
Салтанатты шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Мәдениет вице-министрі Нұрғиса
Дәуешов, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Ақұштап Бақтыгереева, Қазақстанның Еңбек Ері, скрипкашы Айман Мұсақоджаева, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Біржан Хасанғалиев және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының делегациялары қатысты. Меймандар өнер ордасымен танысып шыққан соң тұңғыш концерттің кезегі келді. Дәулеткерей атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрі, камералық оркестр және орыс ұлттық фольклорлық ансамбльдері, әншілер мен бишілер көрерменге ерекше кеш сыйлады. Концертте жергілікті өнерпаздармен қатар республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты Елена Низамутдинова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі Дина Хамзина, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жанна Орынбасарова, Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаева, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Бекмұхамбетов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Біржан Хасанғалиев өнер көрсетті.
«Атамекен» өнер ордасындағы алғашқы концерттің нүктесі әйгілі «Атамекен» әнімен қойылды. Айта кетейік, өнер ордасына атау берер кезде өңірдегі зиялы қауымнан түрлі ұсыныс болған еді. Ақыры таңдау адамға емес, өнер туындысына – Қадыр Мырза Әлі мен Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әніне түсті. Бұл Ақжайық өңірінде әнге, өнер туындысына көрсетіліп отырған екінші ерекше құрмет. Бұдан бұрын Ақжайық ауданының орталығында Жұбан Молдағалиев пен Ілия Жақановтың «Еділ мен Жайық» әніне ескерткіш орнатылған болатын.
Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің екінші айналымында сүрінді
Теннис • Бүгін, 11:17
Жамбыл облысының тұрғынынан ірі көлемде марихуана тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:09
Алматыда 280 орындық екі мемлекеттік балабақша салынады
Қоғам • Бүгін, 10:58
Тауар өндірушілерге тиесілі дизельді сатып жіберген оператор анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:48
Грузияның экс-президенті ауыр халде жатыр
Әлем • Бүгін, 10:35
Алматыда көпқабатты автотұрақтар салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Михаил Литвин Түркияда алтын медаль еншіледі
Жеңіл атлетика • Бүгін, 10:18
Қостанайда қантты 100% үстеме бағамен сатқандар әшкереленді
ANTIKOR • Бүгін, 10:10
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездеседі
Президент • Бүгін, 10:03
«Реал Мадрид» UEFA Суперкубогының иегері атанды
Футбол • Бүгін, 09:55
11 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:40
Бес жасар Мәдинаның мәйіті табылған жерден видео жарияланды
Қоғам • Бүгін, 09:38
Джо Байден қысқамерзімді еңбек демалысына шықты
Әлем • Бүгін, 09:33
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Юлия Путинцева әлемнің үшінші ракеткасын жеңді
Теннис • Бүгін, 09:18
2458 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Бокс • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Спорт • Бүгін, 08:37
Қазақтың байлығы мыңғырған мал еді
Қоғам • Бүгін, 08:35
Меншік құқығын қорғау ойдағыдай емес
Қоғам • Бүгін, 08:32
Алуан ауруды анықтайтын аппарат
Медицина • Бүгін, 08:30
Корей медицинасымен байланыс кеңейді
Медицина • Бүгін, 08:27
Білім • Бүгін, 08:25
400 мыңнан аса бала мемлекеттен материалдық көмек алады
Білім • Бүгін, 08:23
Абай • Бүгін, 08:22
Абай • Бүгін, 08:20
Сенат депутаттары – халық ортасында
Саясат • Бүгін, 08:17
Оқиға • Бүгін, 08:15
Экспорттағы шикізат үлесін азайтудың жолы қандай?
Экономика • Бүгін, 00:08
Көмір бағасын ырықтандыру қолдан келмей тұр
Экономика • Бүгін, 00:07
Ана тілінде оқудан неге қашады?
Білім • Бүгін, 00:05
Абай • Бүгін, 00:04
Абай • Бүгін, 00:02
Экономика • Бүгін, 00:01
Зейнетақы қаржысын әлі пайдалануға болады
Қаржы • Кеше
Әскери институт батырдың мерейтойын атап өтті
Аймақтар • Кеше
Қоғам жұмыла кіріссе, қоқыстан тазарамыз
Қоғам • Кеше
Ауылдағы ағайынның әлеуетін тиімді қолданбай жүрміз
Қоғам • Кеше
Тозған жолда озған өмір қайдан болсын...
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар