12 Ақпан, 2014

Ақпараттар ағыны

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада «Қазақстанның мәдени мұрасы» мен «Астана қаласының мәдени мұрасы» атты журналдардың тұсаукесер рәсімі болып өтті. Бұл екі журнал рухани құндылықтарымызды насихаттайды. Алматы қаласында соңғы жылдары 545 шақырым жерге газ құбыры тартылды. Қаланың өсу динамикасына байланысты алдағы мерзімде 97 нысанға газ құбырын тарту көзделген. Шығыс Қазақстан облысында ішкі жалпы өнім 2 трлн.теңгеге жетті. Сондай-ақ, мемлекеттік бюджетке 183,6 млрд.теңге және жергілікті бюджетке 70,2 млрд.теңге кіріс келген. Былтыр Оңтүстік Қазақстан облыс­ында 657 шақырым жол жөнделіп, апатты жағдайдағы 27 көпір қалпына келтірілген. Биыл да маңызы бар жолдарды жөндеу мәселесі жоспарға сәйкес жүргізілетін болады. Ақтау теңіз порты арқылы өткен жылы 10 млн. тонна жүк тасымалданды. Келешекте оның солтүстік бөлігін 40 гектарға дейін кеңейту жоспарланып отыр. Ақтөбе облысында соңғы 3 жыл ішінде индустрияландыру картасына 76 жоба енгізілді. Соның негізінде 7 мың адам жаңа жұмыс орындарына қабылданған. Биыл Қарағанды қаласының 80 жылдығы атап өтіледі. Осыған орай, атқарылатын іс-шаралар жоспары бекітілді. Солтүстік Қазақстан облыстық ауру­ханасына эндовидеоскопиялық қон­дыр­ғы орнатылды. Осы құрылғы арқылы дәрігерлер бірнеше сырқат түріне (асқазан, бүйрек, бауыр,­ өт жолы) ота жасай алады. Egemen.kz хабарлары мен облыстық әкімдіктер сайттарының материалдары бойынша дайындалды.