Спорт • 12 Қазан, 2021

Бірінші орында келеді

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Таиландтың Накхон­пат­хом қаласында волейболдан ерлер ара­сындағы Азияның клубтық чемпио­наты өтуде.

Бірінші орында келеді

Аталған жарыста Қазақстанның атынан Алматының «Буревестнигі» бақ сынауда. Алғашқы ойында отандастарымыз Ирактың «Соуз Газ Клубынан» 2:3 есебімен ұтылып қал­ған еді. Есесіне келесі екі кездесуде же­ңіске жетіп, өз жанкүйерлерін қуантты. Атап айтсақ, екінші турда жергілікті «Нахон Радчасиманы» ойсырата ұтты – 3:0. Кеше Шри-Ланканың «СЕБ» клубын сан соқтырды – 3:0. Қазіргі кезде алматылық волейболшылар жарыс кестесінде көш бастап тұр. Топтық турнирдегі соңғы бәсекесін «Буревестник» 12 қазан күні Кувейттің «Камзасымен» өткізеді.

Келесі топта Иранның «Сиржан Фоулад», Катардың «Әл-Араби Спортс Клуб», Филип­пиннің «Ребиско», Өзбекстанның «АГМК» және Таиландтың «Даймонд Фуд» клубтары күш сынасуда.