«Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жалпы алғанда оң динамика сақталуда. Есепті кезеңде 10,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Көрсеткіштің өсуі 8%-ды құрады. Оң динамика 14 өңір бойынша тіркелді, олардың арасында ең жоғарғы көрсеткіш Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалуда», деген Әсет Ерғалиев ауыл шаруашылығында жақсы нәтиже көрсеткен өңірлерге тоқталды.
«Ауыл шаруашылығында өсім 1,4%-ды құрады. Саладағы өндірістің оң өсуі 14 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсуді Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары көрсетті», деді министр.