Әлем • 12 Қазан, 2021

Әзербайжанда Тәуелсіздік күні өзгерді

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзербайжанның Милли Меджлисі (Парламенті) Тәуелсіздік күніне байланысты заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әзербайжанда Тәуелсіздік күні өзгерді

Заң жобасы бойынша жыл сайын 28 мамырды Әзербайжанда Тәуелсіздік күні ретінде, ал 18 қазанды Тәуелсіздіктің қалпына келу күні ретінде атап өту ұсынылған болатын.

Осы уақытқа дейін Республика күні 28 мамырда тойланып келді, ел азаматтарына демалыс беріледі. Жаңа заң бойынша енді бұл дата Тәуелсіздік күні ретінде тойланатын болады. Енді 18 қазан - Тәуелсіздікті қалпына келтіру күні ретінде атап өтіледі және жұмыс күні саналады.