Қоғам • 12 Қазан, 2021

Алматыдағы атыс: Қаза тапқан полицейлердің отбасына пәтер берілді

604 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қайғылы оқиғадан қаза тапқан полицейлердің отбасымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы атыс: Қаза тапқан полицейлердің отбасына пәтер берілді

Кездесу барысында қала әкімі тағы да көңіл айтып, полицейлердің жесірлеріне пәтер кілтін табыс етті. Полиция капитаны Нұрбол Байғазиев ішкі істер органдарында 2014 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет етті.

2021 жылдың 28 шілдесінен бастап Алатау аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарды. Оның артында 5 және 7 жастағы екі баласы қалды.

Полиция майоры Дархан Сүлеев ішкі істер органдарында 2003 жылдың қаңтарынан бастап қызмет етті. 2021 жылдың 20 тамызынан бастап Алатау аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарды. Оның артында кәмелетке толмаған бес баласы қалды, олардың ең кішісі – 4, үлкені – 16 жаста. Байғазиевтің отбасы сияқты оның да жеке тұрғын үйі болған жоқ.