Аймақтар • 12 Қазан, 2021

Ақмола облысының тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберді

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы Аршалы кентінің тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысының тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберді

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылғы қазанның 12-де сағат 13:52 шамасында Аршалы аудандық полиция бөлімі кезекшілік бөлімшесіне Аршалы кентінің 49 жастағы тұрғынынан көршісінің үй ауласында ес-түссіз жатқандығы туралы телефон хабары түсті.

«Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жетті. Тексеру барысында Аршалы кентінің 49 жастағы тұрғыны өзін-өзі өртеп жібергені анықталды. Өлім туралы жазба табылған жоқ. Ер адам Нұр-Сұлтан қаласының медициналық мекемелерінің бірінде емделіп жатқан әкесімен бірге тұрған.

 

Осы оқиғаға бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды», деді ведомстводан.