Аймақтар • 13 Қазан, 2021

Пәтер кілтін табыс етті

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Ақбұлақ» шағын ауданындағы атыс кезінде қаза тапқан полицейлердің отбасыларымен кездесті.

Пәтер кілтін табыс етті

Кездесу барысында қала әкімі қайғылы от­басыларға көңіл айтып, пәтер кілтін табыс етті. Ал­ма­ты әкімдігінің бас­тамасы сот ше­шімін орындау бо­йын­ша қыз­меттік борышын орындау ке­зінде қаза тап­­қан по­лицей­лердің отбасыла­рын қолдау мақсатында қабыл­данып отыр.

Биылғы шілде айынан бас­тап Алатау аудандық ПБ жа­нындағы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарған полиция капитаны Нұрбол Байғазиев ішкі істер органдарында 2014 жылдан бергі аралықта қызмет етіп келген. Оның 5 және 7 жастағы екі баласы қалды. Ал полиция майоры Дархан Сүлеев ішкі істер органдарында 2003 жылдың қаңтарынан бастап қызмет еткен. Осы жылдың тамыз айынан бас­тап Алатау аудандық ПБ жа­нындағы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарған оның кәмелетке толмаған бес баласы қалды.