Қазақстан • 15 Қазан, 2021

Қазақстан мен Түрікменстан мемлекеттік шекара режимі туралы келісімге қол қояды

1087 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісім жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Түрікменстан мемлекеттік шекара режимі туралы келісімге қол қояды

Құжат екі елдің мемлекеттік шекарасындағы тұрақтылықты және шекара маңындағы аудандарда тыныштықты қамтамасыз ету, шекара мәселелерін өзара құрмет, сенім, тең құқықтық, достық және ынтымақтастық рухында реттеу мақсатында әзірленді,

Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасының режимі өзіне:

  • Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын ұстау;
  • Адамдардың, көлік құралдарының Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын кесіп өтуі және ол арқылы жүктер мен өзге де мүліктің өткізілуі;
  • Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және өзге де мүлікті өткізу;
  • Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасы мен шекаралық белдеулердің үстінен ұшуды жүзеге асыру;
    Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасында, шекара белдеулерінде, сондай-ақ шекара сулары шегінде шаруашылық, кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу (оның ішінде оларды пайдалану);
  • Шекаралық қақтығыстарды шешу.

Сонымен бірге, мемлекеттердің азаматтары шекаралық ведомстволардың рұқсатымен шекаралық сулардың өз бөлігі шегінде балық аулауды жүзеге асыра алады.

«Мемлекеттік шекара режимін Тараптар мемлекеттерінің бірлескен қызметі қолдайды және оның мәселелері осы келісіммен, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің заңнамасымен және екі Тарап мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттармен регламенттеледі», делінген құжатта.

Келісімнің мәтінін «Ашық НҚА» сайтынан көруге болады, онда ол 23 қазанға дейін жария талқылау үшін орналастырылған.