Спорт • 15 Қазан, 2021

«Буревестник» Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық «Буревестник» волейболдан клубтық Азия Чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Буревестник» Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Қола медаль үшін матчта Александр Запеваловтың шәкірттері таиландтық «Накхон Ратчасимді» 3:0 есебімен жеңді.

Алаң иелері қазақстандықтардың пайдасына аяқталған алғашқы партияда ғана қарсылық көрсетті – 25:23.

Шешуші кездесуде «алтын» үшін Sir jan Foulad Iranian және Al Arabi Sports Club күштерімен күш сынасады.