Оқиға • 16 Қазан, 2021

Елордада аялдама және көлік әйнегін сындырған қыз ұсталды

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада қоғамдық көлік аялдамасы әйнегін сындырған қыз ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада аялдама және көлік әйнегін сындырған қыз ұсталды

«Кеше сағат 22:11-де Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің Жедел басқару орталығына Бөгенбай батыр даңғылы бойында белгісіз адамның аялдаманың және оған таяу маңда тұрған көліктердің әйнегін сындырып жүргені туралы хабарлама түсті.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 23 жастағы Петропавл қаласының тұрғынын ұстады. Күдік қыздың қолында кірпішпен алдымен аялама әйнегін, одан кейін «Toyota Corolla» және «Nissan» маркалы көліктердің артқы терезелерін сындырғаны анықталды», делінген департамент мәліметінде.

Ведомство ақпаратына сәйкес, аталған факт бойынша «бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалған.

«Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны, сонымен қатар өзгенің мүлкін бүлдіргені үшін ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Шығын сомасы анықталып жатыр», деді «Байқоңыр» аудандық ПБ бастығының орынбасары Дархан Сайранбеков.