Медицина • 18 Қазан, 2021

Балалардың дамуына басымдық берілуде

390 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бү­гінде Алматыда балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын өт­кі­зу­ге арналған жүз шақты орталық жұмыс істейді. Үйірмелер мен сек­циялар жұмысына қалалық әкімдік қолдау көрсетіп ке­ле­ді.

Балалардың дамуына басымдық берілуде

Нәтижесінде, ата-аналар бала­лардың бос уақытына бола алаң­да­май, жергілікті атқарушы ор­ган­­дардың қолдауымен ашыл­ған тегін секциялар мен мектептен тыс үйірмелерге қатыстыра алады. Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Президенттің бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында балалардың саламат­ты өмір салтын ұстануына ба­­­рынша жағдай жасалып отыр­ға­нын жеткізді. Ескі футбол алаң­­дарын жаңғыртып, заманауи спорт кешендерін салу да осы ба­ғытта қарастырылып отырған міндеттер. Балалардың кәсіби, сондай-ақ бұқаралық спортпен айналысуын қамтамасыз ету мақсатында былтырдан бастап мек­тептер жанындағы спорт ай­мақ­тарының инфрақұрылымы жетіл­дірілуде.

Осы орайда биыл барлығы 61 мектеп жанындағы спорт ны­сан­дарын жаңғырту жоспарланса, онда 73 футбол, 63 волейбол және баскетбол алаңдары, сон­дай-ақ воркаут-аймақтар мен жүгіру жолдары бар. Бұл алаңдарда кәсіби мамандармен жаттығу жағы да қарастырылған. Нәтижесінде, балалардың спортқа деген ынтасының арта түсетіні сөз­сіз. Қазіргі кезде мемлекет-же­ке меншік әріптестік аясында 8 спорт алаңы қалпына келтірілуде. Оның ішінде 4 стадионның жұ­мысы аяқталып, қалған құ­ры­лыс-монтаждау нысандары осы жылдың желтоқсанына дейін берілмек. Жалпы, 8 жоба бо­йынша инвестиция сомасы 400 млн теңгеден асады. Осы орайда барлық құрылып жатқан инфра­құрылым мемлекет мен­шігін­де екенін атап өту қажет. Қалада 4 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған тегін секция­­лар спорттың 71 түрі бойынша мемлекеттік тапсырыс аясында жүзеге асып келеді. Бүгінде 24 мың өтініш берушіге ваучер табыс етіліп, 18 630 бала спорттың 26 түрі бойынша шұғылдануда. Ең та­нымал секциялардың қатарына футбол, таэквондо, каратэ, жүзу, дзюдо кіреді. Ал 2023 жылға қарай орталықтар санын 200-ге дейін жеткізу жоспарланған.