Өнер • 18 Қазан, 2021

Камералық зал композитордың есімін иеленді

107 рет көрсетілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында қасиетті өнер шаңырағы Жамбыл атындағы мемлекеттік филарманиясының басшылығы жағымды жаңалық сүйіншіледі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының камералық залына КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, дирижер, күйші-композитор Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің есімі беріліп, мемориалдық тақтасы ашылды.

Салтанатты іс-шараға қатысу­шы­лар алдында Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет коми­те­тінің төрағасы Ақан Әбдуәлі, Қазақ­станның еңбек сі­ңір­ген әртісі Дариға Тілендікеліні, «Оты­рар сазы» оркестрі­нің көркемдік жетек­ші­сі және бас ди­р­ижері Дін-Зухра Тілендиева, ҰҒА академигі Оразалы Сәбден сөз сөйлеп, қазақ мәдениетіндегі айтулы оқи­ға­ға орай композитор туралы жылы ес­те­лік­терімен бөлісті.

Комитет төрағасы Ақан Жылқышы­бай­ұлы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың құттықтау сөзін оқып берді. «85 жылдық тарихы бар Жамбыл атындағы Мемлекеттік фи­лар­мониясының камералық залына КСРО халық әртісі, Халық қаһар­ма­ны Нұрғиса Атабайұлы Тілен­диев­­тің есімін беру – қазақ музыка өне­рін­де өшпес із қалдыраған талантты тұлғаларымыздың есімін ұлықтап, рухына тағзым ету һәм қазақтың музы­ка­лық өнері мен мәдениетінің мерей­лі мерекесі деп есептеймін. Нұрағаңның өнегелі өмірі мен өнері, ғажайып туындылары халқымыздың игілігіне мәңгілік қызмет етері сөзсіз» дейді А.Рахметоллақызы құт­т­ықтау хатында.

Ашылуын көптен күткен жаңа камералық залда композитордың жеке тұтынған заттары, фотосуреттерінен мазмұнды көрме ұйымдастырылып, кеш қонақтарына Н.Тілендиев му­зейі­нің қымбат жәдігерлерін тамашалау мүмкіндігі туды. Ал кешкі­сін ака­демиялық фольклорлық-этно­гра­фия­лық «Отырар сазы» оркестрі мен Б.Бай­қадамов атындағы мем­ле­кет­­тік хор капелласының қаты­суы­мен еске алу концертінің шымыл­ды­ғы тү­рілді. Салтанатты кеш «Ата тол­ға­уы» күйімен ашылып, Жалғасбек Беген­діков пен Мүсілім Әмзе дири­жер­лік жасап, Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткерлері Дина Хамзина, Нұржан Жампейісов, Гүлзия Стамбек, Мейрамбек Бесбаевтың, халықаралық бай­қау­лардың лауреаттары Әміре, Фархад Кубиев, Тайыр Тәжіғұлов, Данияр Байжұманов, Әсем Әубәкірова, Эльмира Қашқымбаева секілді белгілі әртіс­тер композитордың шығармаларын орын­дады.

Соңғы жаңалықтар

Ырысты ынтымақтың ұйытқысы

Елбасы • Бүгін, 01:03

Инвестиция үшін тартымды ел

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 00:38

Көне мұралар – халық қазынасы

Руханият • Бүгін, 00:12

Атам айтқан жарық жұлдыз

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 00:04

Иранның таңдауы

Саясат • Кеше

Ұқсас жаңалықтар