Биыл қазақтың әйгілі балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына – 150 жыл. Мәдениет және спорт министрлігінің ұйытқы болуымен жыл басынан бері еліміздің барлық аймағында батыр бабамыздың есімін ел жадында жаңғырту мақсатында көптеген мәдени, спорттық-бұқаралық, ақпараттық-имидждік іс-шаралар өткізіліп келеді.

Ал күні кеше елордада күш атасы Қажымұқанның есімі берілген Олимпиада резервінің мамандандырылған Республикалық мектеп-интернат-колледжінде даңқты балуанның ескерткіші ашылды. Сонымен қатар мерейлі датаға орай «Жас Батыр» спорт кешеніне «Қажымұқан» атауы берілді.
Салтанатты іс-шараға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қизатов, грек-рим күресінен екі дүркін Олимпиада жүлдегері Дәулет Тұрлыханов, Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл мен бірқатар спорт және қоғам қайраткері қатысты.
Ескерткіштің ашылуында сөз алған Ақтоты Райымқұлова күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығын атап өтуге еліміздің барлық өңірі бір кісідей жұмылып, ерекше атсалысып жатқанын атап өтті.
«Қажымұқан Мұңайтпасұлы – қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Ол бүкіл ғұмырын күрес өнеріне арнап, елімізді өзге жұртқа паш еткен. Талай белдесуде қарсыласынан айласын асырып, көзі тірісінде ерлігі аңызға айналып үлгерді. Орасан күштің иесі болған балуан бабамыз, күрестің бірнеше түрінен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды.
Жыл басында Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімін ұлықтау, мәңгілікке есте қалдыру мақсатында арнайы Жалпыреспубликалық іс-шаралар жоспары əзірленді. Кешенді жоспарға сəйкес көптеген мәдени, спорттық-бұқаралық, ақпараттық-имидждік іс-шара өткізіліп келеді. Бұл қатарда арнайы пошта маркалары шығарылғанын, «Қажымұқан» көркем фильмінің түсірілгенін айтуға болады. Сонымен қатар еліміздің түкпір-түкпірінде марафондар, дөңгелек үстелдер, тақырыптық ашық сабақтар, бірнеше халықаралық конференция мен басқа да іс-шаралар өткізілді.
Бүгін ер есімін ұлықтауға арналған сондай іс-шараның бірінде бас қосып тұрмыз. Елорда төрінде күш атасы Қажымұқан бабамыздың ескерткішін салтанатты түрде ашқалы жатырмыз. Сонымен қатар қаламыздағы «Жас батыр» спорт кешені бұдан былай «Қажымұқан» спорт кешені деп аталады. Бұл іс-шаралар балуанға көрсетілген тағзымның шағын да болса, маңызды көрінісі. Алдағы уақытта да аңыз адамның рухын асқақтатып, ерлігін келер ұрпаққа жеткізу біздің мақсатымыз болып қала береді», деді министр.
Айта кетейік, ескерткіштің жалпы биіктігі 5,7 метр (тұғыры – 2,2 метр, мүсін 3,5 метр). Авторлары – Жалын Бауырқан, Болатбек Салаев.
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар