Аймақтар • 18 Қазан, 2021

Педофилдер жазаларын жеңілдетуді сұрады

528 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәтбаев қаласында бес жасар қызды зорлаған қылмыскерлер сот шешімін өзгертуді сұрап, аппеляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Педофилдер жазаларын жеңілдетуді сұрады

Қарағанды облыстық сотына Сәтбаевта бес жасар қыз баланы зорлау ісі бойынша сотталған ерлі-зайыптылардан үкімді жеңілдету туралы аппеляциялық шағымдар келіп түсті.

«Сотталғандар аппеляцияға берді. Алайда сот жабық процесті қарау сатысында түсініктеме бере алмайды», деп түсіндірді Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұл оқиға 23 шілдеде болды. Сәтбаев қаласының полициясына Жезқазған тұрғыны өзінің 5 жасар қызы жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің барлық құрамы мен волонтерлер іздеу шараларының нәтижесінде 5 жасар бала көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен табылды.