Елорда • 19 Қазан, 2021

Елордада тәулік ішінде 86 қылмыстың беті ашылды

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық полицейлер бір тәулік ішінде 86 қылмысты ізін суытпай ашты. Бұл туралы елордалық полиция департаментінің ресми өкілі Данияр Оралов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада тәулік ішінде 86 қылмыстың беті ашылды

«Өткен аптада 115 қылмыс жасалды. Оның 86-сын полицейлер тәулік ішінде ашты. Полиция денсаулыққа ауыр зиян келтіруге байланысты үш қылмысты, 9 алаяқтық фактісін, екі тонауды, бір автокөлік ұрлауды, 25 бөтеннің мүлкін ұрлауды және есірткіге қатысты 13 қылмысты ашты», деді ресми өкіл.

Өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласында 594 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бір адам қаза тауып, 10 адам ауыр дене жарақатын алған.

Полиция департаменті жүргізушілерді жолда сергек болуға шақырады.