Сала экспортының тауарлық құрылымында негізгі көлем пластмассадан жасалған жиһазға (экспорттың жалпы көлемінің 35,9%), өзге де металл жиһазға (12,0%) және өзге де ағаш жиһазға (10,4%) келеді.
Жиһаз өнімдерін өткізудің негізгі нарықтары – Өзбекстан (1 193 мың доллар), Ресей (862,2 мың доллар), Қырғызстан (706,4 мың доллар), Армения (271,2 мың доллар) және Тәжікстан (173,2 мың доллар).
Айта кету керек, биыл Өзбекстанға жиһаз өнімдерін экспорттау көлемі 9 есеге артты, бұл бірінші кезекте ел экономикасының қарқынды өсуіне және коронавирус пандемиясымен күрес бойынша шектеу шараларының төмендеуіне байланысты.