Оқиға • 20 Қазан, 2021

Он жыл бұрын жасалған қылмыстың беті ашылды

2718 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ШҚО полицейлері он жыл бұрынғы кісі өлімін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Он жыл бұрын жасалған қылмыстың беті ашылды

2008 жылдың сәуір айында «Аягөз – Қарағанды» тас жолынан алыс емес жерде қасапханадан 35 жастағы Аягөз ауданы тұрғынының мәйіті табылды. Бұл қылмысты ашу бойынша алғашқы тергеу әрекеттері нәтиже бермей, қылмыскердің жеке басын анықтау мүмкін болмады.

Десе де, іс жүргізу шаралары тоқтатылған жоқ. Осы жылдың қазан айында полиция департаментінің қызметкерлері күдіктінің ізіне шықты. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері Риддер қаласының 51 жастағы тұрғынын ұстады, ол оған жиналған дәлелдемелер мен айғақтарды ұсынғаннан кейін бірден осы қылмысты жасағанын мойындады.

Күдіктінің кісі өлтіру себебі сүйіктісіне деген қызғаныштан болған. Жәбірленуші сол кезде олармен бірге бір ұжымда жүрген, күдіктінің айтуынша басқа әйел оның сүйіктісіне тым көп көңіл бөлген.

ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметовтың айтуынша, қылмыскер әйел сот санкциясымен қамауға алынды, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Егер ол кінәлі деп танылса, 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.