Қазақстан • 20 Қазан, 2021

Көші-қон заңнамасын бұзған 1800-ге жуық шетелдік жауапқа тартылды

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1800-ге жуық шетелдік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көші-қон заңнамасын бұзған 1800-ге жуық шетелдік жауапқа тартылды

Елорда аумағында биылғы 11-18 қазан аралығында заңсыз көші-қон арналарын анықтау және жолын кесу мақсатынд «Нелегал-Кордон» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Полиция қызметкерлері шетел азаматтарының заңсыз жүруі мүмкін деген орындарды тексерді. Олар: қонақ үйлер, жатақханалар, құрылыс нысандары, базарлар, вокзалдар, өнеркәсіптік аймақтар.

Осылайша, жедел алдын алу іс-шарасы барысында көші-қон заңнамасын бұзған 2,5 мыңнан астам факті анықталды, оның ішінде 1788 шетел азаматтарына, 750 факті ҚР азаматтарына тіркелді. Сонымен қатар 70-ке жуық жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды.

Мамандандырылған соттың шешімі бойынша елден 70 шетел азаматы шығарылған және 587 шетелдікке қатысты ҚР аумағында уақытша болуды қысқарту туралы соттың шешімі жарияланған.

Осы жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде іздеуде жүрген 9 қылмыскер ұсталған. Шекараның заңсыз жолын кесудің 3 фактісі анықталып, заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін 1 құқық бұзушы ұсталған.